Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Шымкентте жалған Coca-Cola сатқандар ұсталды

Фото: әділет министрлігі

Не болды?

Шымкент базарларында жалған Coca-Cola сусыны сатылып жатқаны анықталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Әділет министрлігінің ақпаратына қарағанда, бұл жоспардан тыс тексеруге The Coca-Cola Company компаниясының ресми өтініші негіз болған. Компания өз құқықтарының бұзылғаны, қала сөрелерінде күмәнді өнімдердің пайда болғаны туралы мәлімдеген. ​

Қала базарларында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер барысында заңсыз Coca-Cola сусындарын сату фактісі расталды. Тауарда таңбалау стандарттары бұзылған және сатушының рұқсат құжаттары  болмады, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы (басқаның тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе көрсетілетін қызметтер үшін соларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

​Шымкент қаласының әділет департаменті кәсіпкерлерге жалған тауар сатқаны үшін жауапкершілік барын және мұндай тексеру іс-шаралары жүйелі түрде жалғасатынын ескертеді.