Қазір туристер үшін ең қауіпсіз бағыттар қандай?

Не болды?

Сыртқы істер министрлігі туристер үшін демалысқа баруға қауіпсіз бағыттарды атады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

СІМ орынбасары Арман Исетовтің айтуынша, бұл тақырыпқа қатысты нақты жауап беру мүмкін емес. Алайда азаматтар үшін ең қолайлы бағыт Оңтүстік-Шығыс Азия (мысалы Тайланд, Вьетнам, Камбоджа, Сингапур, Филиппин) елдері.

Әртүрлі елде туристерге қатысты түрлі оқиғалар болады. Сол себепті нақты жауап бере алмаймын. Алайда, дәл қазір Оңтүстік-Шығыс Азия елдері біздің азаматтарға саяхаттау үшін айтарлықтай қолайлы болуы мүмкін, – деді Арман Исетов сенат кулуарында.