Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Месси 21 айға сотталды

Оған себеп аргентиналық футболшы салықтан жалтарған екен. Бұл туралы Football Espana-ның Twitter-парақшасында жазылды.

Лионель Месси мен оның әкесі Хорхеге 2016 жылы салықтан жалтарды деген айып тағылған болатын. Әкелі-балалы аргенитиналықтар  2007, 2008 және 2009 жылдары 4,1 миллион еуроны құрайтын салықты төлемеген. Мессиге бұл қаражат  жарнамадан түскен.

Испания заңына сәйкес, 2 жылға дейінгі жаза мерзімі сынақ уақыты болып есептеледі. Яғни айыпкер  оны шартты жазаға алмастыра алады. Сондықтан, футбол жұлдызы  21 айын түрмеде өткізбейді.

Мақалаға реакция