Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда алдағы демалыс күндері қар жауады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың жиі алмасуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Елдің батысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болжанады.

11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауады. 11 сәуірде республиканың батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Қазақстан бойынша тұман болжанады, — делінген хабарламада.