Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті. Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді, — делінген хабарламада.
Еске салайық, Ұлан-Батыр қаласында өткен бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының финалында Надежда Рябец Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Ол шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Рухшона Парпиевані жеңді.
Ал аса ауыр салмақта (+80 кг) өнер көрсеткен Дина Исламбекова финалда үндістандық Альфия Тараннум Хан Патанмен кездесіп, бес раунд қорытындысы бойынша басым түсті.

