Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда мектеп түлектері заңсыз кортеж ұйымдастырды

Видео скрині

Не болды?

Алматыда соңғы қоңырау қарсаңында мектеп түлектері ұйымдастырған автокортеж тоқтатылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Бұған дейін полиция кортеж өткізуге болмайтынын ескерткеніне қарамастан, бір топ жас жол ережелесін бұзып, көшеде көлік тізгіндеген.

Оқиғаға байланысты кәмелетке толмаған 21 түлектің ата-анасы балаларын тәрбиелеу міндеті тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көлік айдау талабын бұзған жүргізушілерге қатысты бес әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөліктер айып тұрағына қойылды.
Полиция департаменті заңсыз автокортежге тыйым салынғаны туралы бірнеше рет ескерту жасалғанын атап өтіп, тиісті шара қабылданатынын мәлімдеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, полиция қызметкерлері соңғы қоңырау күні күшейтілген режимде жұмыс істейді. 

Exit mobile version