Ұлттық тестілеу орталығы наурыз айындағы ҰБТ-ның нәтижесін жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Орталық мәліметінше, наурыз айында ҰБТ-ны 179 мың адам тапсырған. Оның ішінде:
- талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады;
- орташа балл – 66 балл (бес пән бойынша);
- ең жоғары балл – 140 балл.
Ерекше білім беру қажеттігі бар 408 талапкер қатысты. Ереже бұзғаны үшін 264 адамның нәтижесі жойылды. Белгілі болғандай, тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 130 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 134 адам шығарылды, — делінген хабарламада.
