Дональд Трамп Иранға қашан шабуылдайтынын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп «Иран өркениеті бүгін түнде жойылады» деп қатаң мәлімдеме жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Haberler мәліметінше, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан басталған соғыс 39-күнге аяқ басты. Қақтығысушы тараптар мен делдалдар дипломатиялық шешім іздеп жатқанымен, әскери әрекеттер әлі де жалғасып жатыр.

Трамп Truth платформасындағы жазбасында ықтимал шабуылға ишара жасаған.

Бүгін түнде алып өркениет жойылып, ешқашан қалпына келмейді. Мен мұның болғанын қаламаймын, бірақ, бәлкім, солай болады. Алайда толық әрі түбегейлі режим ауысқан жағдайда, ақылдырақ әрі радикалды емес күштер үстемдік ететін ортада жаңа өзгерістер болуы мүмкін. Кім білсін? Мұны біз бүгін түнде, әлем тарихындағы ең маңызды сәттердің бірінде білеміз. 47 жылға созылған тонау, жемқорлық пен өлім ақыры аяқталады, – деп жазды Трамп.