6 сәуір күні Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойында тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат 05:46 шамасында Медеу ауданы аумағында болған. Hyundai маркалы автокөлік жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Меңдіқұлов көшесі қиылысында көлікті басқара алмай қалған.
Ведомствоның хабарлауынша, жүргізуші оңға бұрылу кезінде жолайрықтағы бөлгіш тірекке соғылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы медициналық көмекке жүгінген. Көлік айтарлықтай зақым алған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында жол апаты болды. Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза болды.
