Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Беларусиядан әкелген 14,3 тонна күнбағыс тұқымынан ауру шыққан

Фото: ауыл шаруашылығы министрлігі

Не болды?

Беларусиядан әкелген 14,3 тонна күнбағыс тұқымына залал келген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне қарағанда, Беларусиядан әкелген 14,3 тонна күнбағыс тұқымынан фомопсис ауруы шықты. Өнім Беларусиядан жөнелтілген, бірақ күнбағыс тұқымы АҚШ-та шығарылған.

Тұқымға залал келгенін арантинді фитосанитарияны бақылау мамандары анықтады. Өнім иесіне қатысты әкімшілік іс сотқа жолданды.

Анықтама

Күнбағыс фомопсисі – күнбағыс дақылына қауіпті саңырауқұлақ ауруы. Бұл ауру күнбағыстың сабағын, жапырағын және себет іспетті гүлін зақымдайды. Әсіресе ылғал, жылы ауа райында тез таралады. Салдарынан ауыл шаруашылығындағы дәнді-дақылдың өнімі азайып, сапасы төмендеуі мүмкін.

Контекст

Естеріңізге салайық, наурызда Ресейден әкелген 130 қаптама қызанақтан вирус шыққан еді.

Exit mobile version