Қазақстанда бастауыш класс оқушыларына арналған «Өз бағыңды өсір» деген республикалық байқау басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бағдарлама елімізде 2013 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – балалардың бойында ерте жастан пайдалы әдеттерді қалыптастыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және қоршаған ортаға жанашырлық таныту, — делінген хабарламада.
Байқауға 1-4-класс оқушылары мен олардың мұғалімі қатыса алады. Қатысушылар экология тақырыбында арнайы плакаттар дайындап, идея ұсынады. Жұмыстар сайтқа жүктеліп, екі кезең бойынша бағаланады: алдымен онлайн дауыс беру арқылы, кейін нутрициологтар, экологтар мен педагогтардан құралған қазылар алқасы үздіктерді анықтайды.

Байқау 2026 жылғы 30 сәуірге дейін болады.
Бір айта кетерлігі, «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы Алматы мен Астанада іске қосылып, қазіргі таңда Қазақстанның басқа өңірлерінде де өтіп жатыр. Жоба Қазақ тағамтану академиясы және білім беру ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылады.
