Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Air Astana Дубайға рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын тұрақты рейстерді уақытша тоқтату мерзімін ұзартты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әуе компаниясының мәліметінше, рейстерді тоқтату 1 сәуірден 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) жалғасады. Бұл шешім аймақтағы қауіпсіздік жағдайына байланысты қабылданған.

Ұшуды алдын ала жоспарлаған, бірақ рейсі тоқтатылған жолаушыларға бірнеше мүмкіндік ұсынылады:

  • билет құнын толық қайтару (айыппұлсыз);
  • Дубай бағыты бойынша 30 маусымға дейін тегін қайта брондау;
  • әуекомпанияның басқа бағыттарына айыппұлсыз қайта брондау (тариф айырмасы мен әуежай алымдары қосымша төленуі мүмкін).

Әуекомпания қазіргі таңда Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақты бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.