Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Дональд Трамп: Иранға қарсы әскери операция аяқталуға жақын

Фото: Evan Vucci
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жүргізіліп жатқан әскери операцияның аяқталу кезеңіне жақындағанын айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бізде бәрі жақсы жүріп жатыр. Бұл операция аяқталуға жақын, — деді Дональд Трамп.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына соққы жасады. Трамп Иранды ядролық бағдарламасын дамытып жатыр деп айыптап, елдің ракета өнеркәсібін жою ниеті барын да жеткізді.

Иран АҚШ пен Израильдің өз аумағына жасаған соққыларына жауап ретінде Израильге ондаған зымыран жіберді.

Мемлекеттік ақпарат құралдары аятолла Әли Хаменеиді Тегерандағы өз резиденциясында өлтірді деп таратты. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.

Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстандағы барлық күш құрылымы тәуліктік жұмыс кестесіне ауыстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Араб елдерінің басшыларына хат жолдап, көмектесуге дайын екенін жеткізді.