Алматыдағы ботаникалық бақ жаңа жұмыс кестесіне көшеді

Не болды?

Ертеңнен бастап Алматыдағы ботаникалық бақ жазғы жұмыс кестесіне ауысады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ботаникалық бақтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, олар 1 сәуірден бастап таңғы сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Касса жұмысындағы техникалық үзіліс сағат 15:00–15.30 аралығында болады. Айдың бірінші дүйсенбісі — санитарлық күн. Санитарлық күн техникалық себептер бойынша немесе айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, кейінге қалдырылуы мүмкін, — деп жазған хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, 15 қазанда ботаникалық бақ қысқы жұмыс кестесіне көшкен еді.