Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы жылы болады

Фото: Алматы әкімдігі
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталады. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей күндері найзағаймен бірге жаңбыр жаууы мүмкін.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал. Сонымен қатар түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда тұман түсуі болжанып отыр.

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыста +18…+27°С
  • солтүстікте +10…+17°С
  • орталықта +15…+25°С
  • шығыста +12…+20°С
  • оңтүстікте +23…+30°С
  • оңтүстік-батыста +13…+20°С

Жалпы, алдағы күндері ел аумағында көктемнің жылы әрі жайлы ауа райы сақталады.