БҰҰ сауда және даму жөніндегі Конференциясы (UNCTAD) осындай дерек келтіреді. Абсолюттік өлшемде шетелдік тікелей инвестиция жаһандық көлемде 1,7 трлн долларды құраған. Бұл 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш.
АҚШ экономикасына құйылған шетелдік тікелей инвестиция 384 млрд доллар болған. Одан кейінгі орындарда Гонконг ($163 млрд) және Қытай ($136 млрд) тұр. Инвестиция тартудан Нидерланды, Ұлыбритания, Сингапур, Үндістан, Бразилия, Канада және Франция да жақсы көрсеткішке ие.
UNCTAD сарапшылары Ресейдегі бұл көрсеткіштің күрт құлдырауын шикізат тауарлары бағасының арзандауымен түсіндіреді. Дегенмен есепте шетелдік инвесторлардың ештеңге қарамастан Ресейдің мұнай-газ саласына қаржы құюын тоқтатпай отырғаны көрсетілген.
Былтыр жазда Ресей президенті Владимир Путин 2014 жылдың қорытындысы бойынша, елге келген тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 21 млрд долларға жеткенін мәлімдеді.