Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Ерқанат Аманкел/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

27 наурызда Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау, Петропавл, Павлодар қалаларында ауаның ластануы үшін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version