Не болды?
Ақтөбе облысында 18 шетел азаматы жүк көлігінің тіркемесіне жасырынып, шекарадан өтпек болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне қарағанда, наурызда шекара қызметі заңсыз көші-қонға, контрабандаға және есірткі тасымалдауға қарсы бірнеше іс-шара өткізді. Мәселен, Ақтөбе облысында жүк көлігінің тіркемесіне жасырынып, шекарадан өтуге тырысқан 18 шетел азаматы анықталды. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі дайындауға арналған көлемі 5100 литр прекурсор табылған.
Жалпы жыл басынан бері 9 620 литр химиялық заттардың («Тұз қышқылы», «Ацетон», «Фениппентан») және 1000 кг «Бромкетон-4» затының заңсыз тасымалы әшкере болды. Сонымен қатар Жамбыл облысында шекарашылар құны 1 млрд теңге болатын 160 тонна кен мен бағалы метал концентратын (құрамында алтын бар құм) шетелге заңсыз алып кетуге тырысқан күдіктілерді ұстады, — делінген хабарламада.
Процессуалдық шешім қабылдау үшін осы фактілер құзыретті органдарға жолданды.
Контекст
Естеріңізге салайық, былтыр Ақтөбе облысында шекарадан заңсыз өтуге тырысқан 10 шетел азаматы жүк көлігінен табылған еді.
