Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға, соның ішінде Иран тарапының Біріккен Араб Әмірліктері аумағын бомбалап жатқанына алаңдаушылық танытты, – делінген «Ақорда» хабарламасында.

Тоқаев Қазақстан Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап мемлекеттерді шарпып жатқанына қарсы екенін айтқан.

Бұдан бөлек, президент Қазақстан қажет болған жағдайда бейбіт келіссөз өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін растаған.