Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Digital Nauryz: Дрон-тасымалдау технологиясы таныстырылды

Фото: Digital Nauryz
Қызылордада өткен Digital Nauryz мерекелік іс-шарасы барысында дрон-тасымалдау технологияларының мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қатысушылар ұшқышсыз аппараттардың нақты уақыттағы жұмысын көріп, олардың жылдамдық, дәлдік және қауіпсіздік артықшылықтарына көз жеткізді.

Көрсетілімде дрондарды электрондық коммерция, медицина, ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар және инфрақұрылымдық мониторинг салаларында қолдану мүмкіндігі атап өтілді.

Бұл өз кезегінде жастардың техникалық бағыттарға қызығушылығын арттырып қана қоймай, өңірдің инновациялық әлеуетін дамытуға, цифрлық мәдениетті қалыптастыруға және заманауи технологияларды күнделікті өмірге енгізуге өз үлесін қосады.

Бұл іс-шара жастардың технологияға қызығушылығын арттырып, өңірдің инновациялық дамуына серпін береді.

Exit mobile version