Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Ерқанат Аманкел/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

16 наурызда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қостанай қаласында болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақалаға реакция