Италияда өтіп жатқан қысқы паралимпиада ойындарында қазақ спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.
Алтын қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.
Бұл — Қазақстанның 2026 жылғы қысқы паралимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдесі.

