Air Astana 10 наурызда Дубай қаласында қалып қойған жолаушыларды елге жеткізу үшін арнайы рейстерді іске қосады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр, – делінген хабарламада.
Аталған рейстер Маскат қаласы арқылы орындалады.
Рейс кестесі:
-
KC2264 Маскат – Алматы: ұшып шығу 12:30, ұшып келу 17:40
-
KC2258 Маскат – Алматы: ұшып шығу 14:30, ұшып келу 19:40
-
KC2254 Маскат – Алматы: ұшып шығу 16:30, ұшып келу 21:40
Уақыт жергілікті уақытпен көрсетілген. Жолаушыларға Дубай қаласынан Маскат қаласына дейін тегін трансфер ұсынылады.
Компания мәліметінше, әуе тасымалдаушылар Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылап отыр және Қазақстан азаматтарын елге қауіпсіз оралуы үшін барлық қажет шараларды қабылдап жатыр. Трансфер бойынша жолаушыларға билетті сатып алған орындары бойынша туроператорларға немесе әуе компаниялардың байланыс орталықтарына хабарласу ұсынылды.
