Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстан мен Түркия сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады

Фото: Sputniknews.kz
Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлап отыр.

Сұхбат барысында министрлер Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды және оны деэскалациялау мүмкіндіктерін талқылады. Түрік тарапы Түркия мен Әзербайжан аумақтарына жасалған әскери шабуылдарға алаңдаушылық білдірді, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ пен Израиль Иранға әуе соққысын жасап, Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи өлтірілгеннен кейін Таяу Шығыстағы жағдай ушыққан. Иран Таяу Шығыстағы бірнеше елге соққы берген.

Exit mobile version