Мазмұнға өту
Басты бет / Тест /

Тест: Әлихан Бөкейхан туралы қаншалық жақсы білесіз?

Фото: жасанды интелект
5 наурыз – Алашорда ұлттық автономиясының көпбасшысы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туған күні. Ол бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген.
Атаулы күнге орай, Алаш қайраткері туралы тест тапсырып көріңіз.
0%

Әлихан Бөкейхан көшбасшы болған Алашорда үкіметінің басты мақсаты:

Дұрыс! Қате!

Алашорда үкіметінің басты мақсаты — қазақ халқының азаттығын талап ету. Сонымен қатар, Алашорда үкіметі білім, тіл мен мәдениетті дамыту арқылы ұлттық болмысты сақтап қалуды көздеді.

Әлихан Бөкейхан кімге үйленген?

Дұрыс! Қате!

Әлихан Яков Севостьяновтың қызы Еленаға үйленген. 1903 жылы екеуінің қызы Елизавета, 1910 жылы ұлы Өкітай (кей деректе Үкітай) дүниеге келген.

Әлиханның қай бүркенші аты танымал?

Дұрыс! Қате!

Әлихан Бөкейханның қазақ баспасөзінде бірнеше бүркеншік аты болған. Мәселен, «Ғалихан», «Ғ.Б.» немесе «Ә.Б.», «Ә. Н.», «Арыс ұлы», «Түрік баласы», «Қалмақбай» және «V». Ал ең танымал бүркеншік есімі - «Қыр баласы». Алаш арыстары бүркеншік атты патшалық Ресей, кейін кеңестік цензураның қуғын-сүргінінен жасырынып, қазақ халқын ұлттық оянуға шақырған шығармаларын қауіпсіз жариялау үшін қолданған.

Биыл Әлихан Бөкейханның туғанына қанша жыл толды?

Дұрыс! Қате!

Биыл Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толды. Ол 1866 жылғы 5 наурызда бұрынғы Қарқаралы уезі, Семей облысында дүниеге келген. Ата тегі – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тараған төре тұқымы.

Әлихан және тағы басқа Алаш қайраткерлері бірігіп шығарған «Қазақ» газеті қандай бағыттағы баспасөз?

Дұрыс! Қате!

1913-1918 жж. Орынборда жарық көрген "Қазақ" газетінің басты бағыты - қоғамдық саяси мәселелер.

Қайраткер соңғы рет тұтқындалып, қай түрмеге қамалды?

Дұрыс! Қате!

Әлихан Бөкейхан 1937 жылғы 26 шілдеде Бутырка түрмесіне қамалған. Бұған дәлел – ФҚҚ мұрағатының бірінші құжаты – №3640 ордер. Бутырка түрмесі 1771 жылы құрылған.

Әлихан Бөкейхан қай шығарманы қазақ тіліне аударған?

Дұрыс! Қате!

Әлихан Бөкейхан Ги де Мопассанның «Ажал төсегінде» деген шығармасын аударып, атауын «Күзетте» деп жазған. Ол әр сөзді қазақы танымға жақын аударуды көздеген. Аударма еңбектерінде өзі қос¬қан теңеулер мен сөз тіркестері де бар.

Әлихан Бөкейхан 20 жасында қай жерге оқуға түскен?

Дұрыс! Қате!

Ұлт көсемі 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы институтында оқыған. 1894 жылғы тамыз айында Ақмола облысының орталығы Омбы қаласында мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар орман шаруашылығы училищесінде математика пәнінен сабақ берген.

Алаш қайраткерінің есімі қай жылы ақталды?

Дұрыс! Қате!

1937 жылы Мәскеуде Әлихан ату жазасына кесілген. 1989 жылы мамырда араға 31 жыл салып, Алаш қайраткерінің есімі КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша ақталды.

Әлихан Бөкейханға: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», - деп баға берген кім?

Дұрыс! Қате!

Қошмұхаммед Кемеңгерұлы «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде осылай жазған. Ол - алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист.

1905 жылғы күзде Әлихан Семей облысы қазақтарының атынан Ресей патшалығының І мемлекеттік думасына депутат болып сайланды. Алайда ол дума депутаттарының ісіне толық қатыса алмады. Неліктен?

Дұрыс! Қате!

1906 жылғы 8 қаңтарда Әлихан Павлодар маңындағы Тұзқала кентіне аялдаған. Осы сәтте оны тұтқындап, ешбір тергеусіз, сотсыз төрт ай Павлодар, Омбы түрмесіне қамап тастаған. Семейдегі Тұрағұл Абайұлы, Кәкітай Ысқақұлы бастаған достары мен Тұзқаладағы қазақ доста¬ры Әлиханның қашып шығуына көмектесуге бекінген. Алайда ол ел-жұртының амандығы үшін түрмеден қашуға қарсы болды.

Әлихан Бөкейхан туралы қай дерек шындыққа жанасады?

Дұрыс! Қате!

1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде Әлиханның «Абай (Ибрагимъ) Кунанбаевъ» деген мақаласы жарық көрген. Бұл туралы: «Әлиханның шынайы тұрпатты авторлық әдебиетке айрықша үмiт артуы 1905 жылы жарияланған Абайға арналған мұнақып-мақаласынан (“Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы”) бастау алады… Абайды тану мен танытуға деген ықылас алғаш Ә. Бөкейхан тарапынан байқалған… Ә.Бөкейханның «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы» мақаласында ұлы ақынның ғұмырбаяны алғаш рет барынша толық сипатталған», - дейді алаштанушы-ғалым, профессор Дихан Қамзабекұлы.

Тест: Әлихан Бөкейхан туралы қаншалық жақсы білесіз?
Жаман емес. Дегенмен Әлихан Бөкейханның өмірін оқу артық етпес.
Жақсы жауап бердіңіз! Әлихан Бөкейхан туралы еңбектерді оқи жүріңіз.
Бәрекелді! Әлихан Бөкейхан жайлы жақсы біледі екенсіз.

Бөлісе отырыңыз:

Exit mobile version