Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Әли Хаменеидің ұлы Иранның жоғарғы көшбасшысы болды

Фото: censor.net
Иранда елдің жаңа жоғарғы көшбасшысы анықталды. Аятоллалар кеңесінің шешімімен Моджтаба Хаменеи жоғарғы көшбасшы болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Iran International басылымының мәліметінше, 56 жастағы Моджтаба Хаменеи жоғарғы көшбасшы қызметіне ұсынылған негізгі үміткерлердің бірі болған.

Жаңа басшы — Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің екінші ұлы. Ол Иранның Ислам революциялық гвардия корпусымен тығыз байланысы бар ықпалды діни-саяси тұлғалардың бірі ретінде белгілі.

Еске салайық, Ислам революциясының ұлы жетекшісі, мәртебелі аятолла Әли Хаменеи сенбі, 28 ақпан күні таңертең жасалған шабуыл салдарынан қаза болды.

Өтпелі кезеңде Иран президенті Масуд Пезешкиан мемлекет басшысының міндеттерімен қатар жоғарғы көшбасшының өкілетін уақытша атқарды.

Мақалаға реакция