Қазақстанда зорлық-зомбылық көрген балаларға көмек беретін кабинет ашылады

Не болды?

Қазақстанда зорлық-зомбылық көрген балаларға көмек беретін кабинет ашылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

2025 жылғы 30 желтоқсанда президент «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға қол қойған. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне қарағанда, осы заң негізінде зорлық-зомбылық көрген балаларға көмек беретін кабинет ашылады. Бұл норма 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енеді. Министрлік жақында кабинеттегі қызмет қағидаларын бекітіп, әр аймақтан біртіндеп ашуды жоспарлап отыр.

Кабинетте балаға алғашқы психологиялық көмек беруге, сот-медицина сараптамасынан өткізуге және бейінді мамандар арқылы сауалнама жүргізуге болады. Кәмелет жасқа толмағандарға «бір терезе» қағидаты бойынша кешенді қолдау көрсетіледі, — делінген хабарламада.

Зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллиңге тап болған немесе осындай жайттың куәсі болған балалар 111 байланыс орталығына хабарласып, құқық бұзу әрекетін хабарлай алады.

Анықтама

«Бір терезе» қағидаты — бір орталықтан бірнеше қызмет түрін алуға арналған және уақыт үнемдеуге бағытталған жүйе.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда үйде зорлық көрген әйел арнайы қолданбалар пайдалана алады.