2026 жылғы 1 наурыздан 31 мамырға дейін Көлсай көлдері аумағында балық аулауға уақытша тыйым салынады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 2025 жылы әзірленген биологиялық негіздемеге сүйене отырып, 2026 жылдың көктемгі кезеңінде әуесқойлық және спорттық мақсатта балық аулауға шектеу енгізіледі.
Тыйым Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай, Қайыңды көлдеріне, сонымен қатар парк аумағындағы барлық өзенге қатысты болады. Ұлттық парк аумағы қорық жерлері мен орман қоры жерлерінен тұрады. Ол Таушелек, Құрмет, Көлсай және Қарабұлақ орман алқаптарын қамтиды. Шектеу балық қорын сақтау және табиғи экожүйені қорғау мақсатында енгізіліп отыр, — делінген хабарламада.
