Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда ер адам бірнеше бума есірткімен ұсталды

Фото: ҰҚК
Биыл қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткіге қарсы операцияны орындады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ведомство мәліметінше, бірлескен әрекеттердің нәтижесінде Алматыда 8 келі синтетикалық «метамфетамин» затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Мақалаға реакция