Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«ҚазАвтоЖол»: Бірқатар жолда қозғалыс шектелді

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі республикалық маңызы бар автожолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімет таратты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлттық компанияның мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде қозғалысқа шектеу енгізілді.

Алматы облысы

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 59-143 шақырымы (Жаңақұрылыс ауылы — Жамбыл облысының шекарасы).

Жамбыл облысы

• Осы жолдың 143-214 шақырымы (Алматы облысының шекарасы — Қордай ауылы);
• 159-238 шақырымы (Кенен ауылы — Қайнар ауылы);
• 534-593 шақырымы (Айша-бибі ауылы — Түркістан облысының шекарасы).

Түркістан облысы

• 593-654 шақырымы (Жамбыл облысының шекарасы — Машат ауылы).

Павлодар облысы

• «Атамекен — Ақсу — Көктөбе — Курчатов» автожолының 25-220 шақырымы (Ақсу қаласы — Абай облысының шекарасы);
• KZ14-01 «Павлодар — Шарбақты — РФ шекарасы» автожолының 0-112 шақырымы (Павлодар қаласы — РФ шекарасы);
• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) жолайрық көпірінің аралық құрылысының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысы

Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66 шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс маусымы аяқталғанша сақталады.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді жолға шығар алдында бағыттар бойынша шектеулерді нақтылап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Мақалаға реакция