Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанның арнайы жасағы Дубайдағы турнирде топ жарды

Фото: Ұлттық ұлан
Дубайда әлемнің үздік арнайы бөлімшелерін біріктірген UAE SWAT CHALLENGE-2026 халықаралық турнирі аяқталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлттық ұланның мәліметінше, бәсекелі бес күн ішінде 48 елден келген 109 команда шеберлік, жылдамдық, тактикалық ойлау және үйлесімділік деңгейін сынға салды.

Қазақстан атынан күш құрылымдарының қызметкерлерінен жасақталған Kazakhstan A, Kazakhstan B, Kazakhstan C, Kazakhstan D командалары және Kazakhstan Tomiris әйелдер құрамасы қатысты.

Турнирдің басты жаңалығы – Kazakhstan C командасының жеңісі. Команда барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша UAE SWAT CHALLENGE-2026 турнирінің чемпионы атанды. Жалпы есепте Kazakhstan A командасы екінші орынды иеленді.

Жарыстың бесінші күні қатысушылар ең серпінді кезеңдердің бірі – Obstacle Course (кедергілер жолағы) сайысында бақ сынады. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша Kazakhstan B командасы І орын алды, ал Kazakhstan A үздік бестікке еніп, бесінші орынға тұрақтады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ҚР Ұлттық ұланы (@ulttyq_ulan_resmi)

Қорытынды рейтиңде Қазақстан командаларының көрсеткіші мынадай болды:

  • Kazakhstan B — 8-орын

  • Kazakhstan Tomiris — 18-орын

  • Kazakhstan D — 20-орын.

Мақалаға реакция