Не болды?
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Алматыда жылу мен ыстық су бағасы өседі. Бұл жайлы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Алматы жылу жүйесінің мәліметіне қарағанда, жылу энергиясының бағасы шамамен 8,4% қымбаттайды. Тұрғын үйлерде жылу мен ыстық су бағасы адам басына шаққанда қазір – 1 937 теңге. Жаңа тариф бойынша, 2 114 теңге болады. Бұл – ҚҚС (қоылған құн салығы) қосылмаған сома.
Бір текше метр су құны – 110,74 теңге
Биыл қаңтардан бастап химия әдісімен тазарған судың бір текше метрі (ҚҚС қоспағанда) – 110,74 теңге, — делінген Алматы жылу жүйесі ЖШС хабарламасында.
Естеріңізге салайық, былтыр Шымкентте жылу бағасы 23% қымбаттаған.
Биыл қаңтарда Теміртаудағы 40 тұрғын үй жылусыз қалған.
