Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталатынын ресми растады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қадір түні – 16 наурыздан 17 наурызға қараған түніне сәйкес келеді. Ораза айт 20 наурызда, ал Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырда атап өтіледі. Пітір садақасы екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 735 теңге болып бекітілді.
Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.
Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!
Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Оразаға қатысты 200 сұрақ» деген жинақ кітапша шығарды.
Астана қаласы
Алматы қаласы
Семей қаласы
Көкшетау қаласы
Ақтөбе қаласы
Қонаев қаласы
Атырау қаласы
Өскемен қаласы
Тараз қаласы
Талдықорған қаласы

