7 ақпан күні әлем бойынша қандай айтулы мерекелер тойланады?

Не болды?

7 ақпан Қазақстанда ресми мереке немесе демалыс күні емес. Дегенмен бұл күн әлемнің әр елінде халықаралық, кәсіби мерекелер атап өтіледі. 7 ақпан тарихта маңызды оқиғалармен есте қалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Digitalbusiness ақпаратына қарағанда, 7 ақпан күні тойланатын бейресми мерекелер:

  • Өрт сөндіргіштің туған күні – 1863 жылғы 7 ақпанда америкалық инженер Алан Крей өрт сөндіруге арналған құрылғыны ойлап тапқан.
  • 7 ақпан Писко сауэр атты коктейльдің күні (Перу мен Чилидің ұлттық сусыны).
Балмұздақ
Балмұздақ. Фото: Тes.com
  • Математиктер мен инженерлердің бейресми мерекесі (e Day).
  • Таңғы асқа балмұздақ жеу күні – АҚШ-та кең тараған мереке.

Кәсіби мерекелер:

  • Ресейде қысқы спорт түрлерінің мерекесі. Бұл 2014 жылы Сочиде өткен олимпиаданың ашылуына орай берілген.
балет залы, көрермен, театр
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
  • АҚШ-та балет күні. Бұл классикалық бидің әртісіне, мұғаліміне әрі жанкүйеріне арналатын күн.

7 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

Назарбаев, Сочи, спортшылар
Фото: Аkorda.kz
  • 1964 жыл – Қазақ академиялық драма театрында Ш. Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» қойылымының премьерасы өтті.
  • 2012 жыл – Қазақстанда тегін дәрі-дәрмектер туралы медициналық анықтамалық алғаш рет электронды форматта жұртшылыққа ұсынылды.
  • 2014 жыл – Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде өткен Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысты.

Контекст

Естеріңізге салайық, 2026 жылы демалатын, Қазақстандағы мереке күндері туралы жазған едік. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да