Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Не болды?

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, Australian Open 2026 турнирінің чемпионы болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 2:1 (6:4, 4:6, 6:4) есебімен жеңді.

Ол финалға дейін мына теннисшілермен ойнады:

  • 1/2 финал — Джессика Пегула (АҚШ): 6:3, 7:6 (9:7);
  • 1/4 финал — Ига Швентек (Польша): 7:5, 6:1;
  • 1/8 финал — Элиза Мертенс (Белгия): 6:1, 6:3;
  • 1/16 финал — Тереза Валентова (Чехия): 6:2, 6:3;
  • 1/32 финал — Варвара Грачёва (Франция): 7:5, 6:2;
  • 1/64 финал — Кайя Юван (Словения): 6:4, 6:3.

Мемлекет басшысы құттықтады

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады. 

Сізді Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! – делінген құттықтауда.

Анықтама

Елена Рыбакинаның кейінгі 10 жарысы топ-10-ға кіретін тенисшілерімен болған. Кейінгі 21 матчта 20 рет жеңіске жеткен.

Australian Open 2026 турнирі 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтіп жатыр. Жарыстың жүлде қоры – 74,9 миллион доллар. Жеңімпаз 2 793 365 доллар және рейтиңіне 2000 ұпай қанжығалайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да