Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған тұрғын сотталды

Жамбыл облысында Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған ер адамға қатысты сот үкімі шығарылды. Бұл туралы соттық баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Оқиға 2025 жылғы қазан айында болған.

Сот материалдары бойынша, сотталушының тиісті рұқсат құжаттары мен балық шаруашылығын жүргізуге шарты болмағанына қарамастан, Балқаш көлінде заңсыз балық аулағаны анықталды. Ол қылмыс жасау үшін қозғалтқышы бар моторлы қайықты және тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдаланған.

Заңсыз әрекеттер салдарынан 112 келіден астам балық ауланып, мемлекетке келтірілген залал көлемі 576 мың теңгеден асқан. Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және істің өзге де материалдарымен толық дәлелденді. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге балық аулау қызметімен айналысу құқығынан айырылды. Сонымен қатар оған үш жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар сотталғаннан мемлекетке келтірілген залал сомасы өндірілді. Моторлы қайық, қозғалтқыш, торлар және заңсыз ауланған балық мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да