Айбек Смадияров президенттің баспасөз хатшысы болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Желдібайды жұмысынан босатып, орнына Айбек Смадияровты тағайындады.

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.

Айбек Смадияров бұған дейін президент әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.