Басты бетБастыКөңіл-күйді көтеретін...

Көңіл-күйді көтеретін пайдалы 10 тағам

Бразилия жаңғағы

Күні бойы көтеріңкі көңіл-күйде жүру үшін, күніне үш бразилия жаңғағын жеу жетіп жатыр. Оның құрамындағы дәрумендер жүйке жүйесінің тыныштануына, ағзадағы эмоциялық өзгерістердің қалыпқа келуіне септігін тигізеді.

Бразилия жаңғағыЖаңғақтың мұндай «сиқырының» орындалуы үшін, оның балғын түрін жеген дұрыс. Дүкеннен жаңғақты сатып алар кезде, салмағы мен тығыздығына мән беріңіз. Дұрыс бразилия жаңғағы тығыз, ауыр және қытырлақ болады.

Мүкжидек

МүкжидекМүкжидек — табиғатта кездесетін ең пайдалы жидектің бірі. Оның құрамында А, К, Е және В тобындағы дәрумендермен қоса, аскорбин қышқылының рекордты мөлшері бар. Ол ағзадағы кортизол мен күйзеліс гормонының деңгейін төмендетеді. Мүкжидекті эмоциялық шабуылға қатты ұшыраған адамдарға ішу кеңес етіледі. Ол адамның көңіл күйін көтеріп, жалпы психо-физикалық жағайды қалыпқа түсіреді. Сондай-ақ мүкжидек бойдағы холестерин деңгейін де түсіреді. Сондай-ақ оның құрамындағы полифенол адам терісін жасартып, балғын күйде сақталуына әсер ететіндіктен, әйел адамдарға әсіресе 25 жастан кейін жиі қабылдауға кеңес беріледі.

Түймедақ шайы

Түймедақ шайы Әр үйдің асханасынан табуға болатын, ең танымал тыныштандыратын шай — түймедақ шайы. Оны ішкен адам босаңсып, өзін жақсы сезінеді. Бұл құбылыс оның құрамындағы жүйке жүйесін қалыпқа келтіретін апигениннің күшімен орын алады. Сондай-ақ түймедақ шайы ұйқысыздыққа да жақсы көмектеседі. Алайда таңертең ісіңкі бетпен оянбас үшін, түймедақ шайын ұйқыдан 1,5-2 сағат бұрын ішкен жөн.

Балдыркөк (иісті желкен)

БалдыркөкАтауы өзгеше болғанымен,  балдыркөк — күйзеліске қарсы күшті қару. Оның құрамындағы микроэлементтер ашуды басуға жылдам көмектеседі. Калийдің көп мөлшері және С, В1, Е дәрумендері эмоциялық күйге әсер етіп, стресті жеңуге көмектеседі. Мұндай жағдайда балдыркөктің әсіресе шырынын ішкен пайдалы.

Латук-салаты (сүтшөп)

Латук салаты

Бұл салат — кальций мен калийге бай. Латукты тым ашуланшақ және ұйқысыздыққа шалдыққан адамдарға жеу кеңес етіледі. Алайда бұл салатты зәр шығару жүйесі бұзылған адамдарға жеуге болмайды.

Қара шоколад

ШоколадШоколадтың құрамында тыныштық пен ағзаның босаңсуына көмектесетін анандамин бар. Сондай-ақ оның құрамындағы аминқышқылы, триптофан тез әрі жайлы ұйықтауға жәрдемдеседі. Олар сондай-ақ көңіл күйдің көтерілуіне де белсенді әсер етеді.

Өрік

ӨрікӨрік — В2 дәруменіне өте бай. Ол миға түскен салмақты жеңеді. Бас ауруына жақсы ем болуымен қатар, өріктер ағзадағы балансты ретке келтіреді. Ми, ой жұмысымен айналысатын болсаңыз, өрік жеңіз. Мысалы, сабақ уақытында немесе қиын тапсырманы орындайтын кезде, дастарханыңыздан өрік табылсын. Ол балғын күйінде де, кептірілген кезінде де пайдалылығын жоғалтпайды.

Бадам

БадамДиетологтардың көпшілігі күніне екі бадамды жеуге кеңес береді. Бадам жаңғағы тек қана физикалық саулыққа ғана емес, уақытынан бұрын қартаюдың да алдын алуымен пайдалы. Сондай-ақ бадам құрамындағы Е дәрумені күйзеліспен күресуге қауқарлы.

Сәбіз

Сәбіз

Сәбіз — А дәруменіне бай. Бұл дәрумен ұйқыны жүйелендіреді. Сәбізді күндіз жеңіз, ал кешке шырырынын ішсеңіз, уайымсыз, жайлы ұйықтайтын боласыз. Алайда мөлшерінен асып кетпегеніңіз жөн. Себебі сәбізді шектен тыс жеу бас ауруы, ұйқышылық пен сылбырлыққа алып келеді.

Ноқат (нут)

Ноқат (нут)Түрік бұршағы — ағзаның қатты әлісіреуін басатын аминқышқылына бай. Ноқаттағы глицин адамның байсалды болуына көмектеседі. Мұндай бұршақты әсіресе көңіл-күйі жиі өзгеріп, төмендейтін жандарға жеу пайдалы.