Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бектенов: Балалар фастфудқа тәуелді болып бара жатыр

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов фастфуд пен энергетикалық сусындарға қоғам болып тойтарыс беруге шақырды.

Үкіметтің бүгінгі отырысында «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қаралды. Соның аясында балалардың денсаулығын сақтау іс-шараларына ерекше басымдық беріледі.

Балалардың ішетін тамағы – өте маңызды мәселе. Өкінішке қарай, бізде балалар мен жасөспірімдердің көбісі фастфудқа, сосын энергетикалық ішімдіктерге құмар болады. Тіпті, кей кезде оған тәуелді болып қалады. Осы қауіпке біз бәріміз ел болып, қоғам болып тойтарыс беруіміз керек. Өте қауіпті жағдай, — деді Олжас Бектенов.

Осы орайда премьер денсаулық сақтау министрлігіне нақты ұсыныс енгізуді тапсырды.

Мақалаға реакция