АҚШ-тағы ҚР елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы рухани кездесулер өткізеді.
Бұл туралы ҚМДБ хабарлап отыр.
Кездесулерге ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жетекшілік етеді. Сонымен қатар жиындарға ұстаз Арман Қуанышбаев пен Батыржан Мансұров қатысады. Іс-шаралардың басты мақсаты — АҚШ-та тұратын қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттеріне рухани әрі мәдени қолдау көрсету, ұлттық құндылықтарды насихаттау, — делінген хабарламада.
Рухани кездесулер келесі қалаларда өтеді:
- 27 қаңтар — Уашиңтон
- 29 қаңтар — Нию-Йорк
- 30 қаңтар — Чикаго
- 31 қаңтар — Хиюстон
- 1 ақпан — Сан-Франциско
ҚМДБ өкілдері кездесулердің нақты өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланатынын мәлімдеді.
