Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Тоқаев вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда вице-президент деген лауазым пайда болатынын айтты. Вице–президентті президент өзі тағайындайды.

Жоспар бойынша, вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық форумдарда, тиісті мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде ұсынады, президенттің атынан парламентпен әрекеттеседі, сонымен қатар отандық және шетелдік қоғамдық, саяси, ғылыми, мәдени және ағартушылық ұйымдармен байланыс жасайды, және басқа да президент тапсырмаларын орындайды. Осы негізгі ережелер, яғни вице-президенттің қызметтік функционалы, Конституция мәтінінде де көрініс табуға тиіс. Халықтың қолдауына ие болса, Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңі басталады– деді мемлекет басшысы.

Ал мемлекеттік кеңесші лауазымы қысқарады. 

Exit mobile version