Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмысы көктемде аяқталады

Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Ұлттық құрылтайда кейінгі жылдары тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу бағытында біраз жетістікке қол жеткізілгенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады.

Біз кейінгі жылдары сан ғасырлық тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу жолында біраз жетістікке жеттік. Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Мен осы ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен Құрылтай отырысында айттым. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді. Бұл туынды Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеуге ықпал етеді. Бірақ, осындай тарихи тақырыпқа келгенде тартымды көрнекі, яғни визуалды бейне жасаудан бөлек, алдымен оның ішкі мазмұны, мән-мағынасы терең болуын ойластыру қажет. Сондықтан менің тапсырмаммен мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум ұйымдастырылады. Іс-шараға әлемнің беделді ғалымдары шақырылады, – дейді президент.

Exit mobile version