Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлап отыр.
Сыр бойындағы жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, – деп жазды Руслан Желдібай.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары мына өңірлерде өтті:
- 2022 жылы – Ұлытауда;
- 2023 жылы – Түркістанда;
- 2024 жылы – Атырауда;
- 2025 жылы – Бурабайда.
