Павлодардың 33 жастағы тұрғыны өз бастығын тонап кеткені үшін 1,5 жылға шартты түрде сотталды. Бұл туралы жергілікті басылым хабарлап отыр.
Белгілі болғандай, ер адам аталған компанияға 2025 жылғы тамыз айында жұмысқа орналасқан. Уақыт өте келе басшысының сеніміне кірген ол 23 қараша күні директордың шақыруымен кеңсеге келген. Сол сәтте басшысының кабинетінде ақша жатқанын байқап, конверттегі 770 мың теңгені ұрлап кеткен.
Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындаған. Себебі оның әрекеті кабинетке орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сонымен қатар ол келтірілген шығынның 140 мың теңгесін ішінара қайтарған, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл азамат бұған дейін де заңға қайшы әрекетке барған. Ол таныстарының бірінің аңқаулығын пайдаланып, оның атына заңсыз несие рәсімдегені анықталды.
Сот үкімі заңды күшіне енді
