Мереке күндері Алматы метросы қалай жұмыс істейді?

Демалыс және мереке күндері Алматы метрополитені жолаушыларды қалыпты режимде тасымалдайды. Бұл туралы «Алматы қаласының метрополитені» мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлады.

Метроның жұмыс уақыты өзгеріссіз қалады: пойыздар күн сайын таңғы 06:20-дан түнгі 00:00-ге дейін қатынайды.

Алайда, жолаушылар ағынының өзгеруіне және мерекелік күндерге байланысты 1–5 қаңтар аралығында пойыздар қозғалысының аралығы 12 минут болады.

Мереке күндері жолаушылар санының өзгеруіне байланысты пойыздар арасындағы интервал уақытша ұлғаяды. Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, — делінген метрополитен хабарламасында.