Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда түнде жер сілкінді

Фото: Ерқанат Аманкел/Baribar.kz
Алматы тұрғындары 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісін сезді. Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 2 балл шамасында сезілді.

ҚР ҰЯО геофизикалық зерттеулер институтының қазақстандық деректер орталығының дерегінше, жерасты дүмпулері 2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 02:16-да Астана уақытымен (Гринвич бойынша 21 желтоқсан сағат 21:16) Қытай аумағында тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрінің координаттары: солтүстік ендіктің 41,23 градусы, шығыс бойлықтың 78,87 градусы.

Жер сілкінісінің магнитудасы 5,0, энергетикалық класы — K=11,5.

Exit mobile version