Не болды?
Мәлімет
GPT мен Gemini сияқты құралдар шыққанға дейін бұл талаптар орынды болса, қазір жағдай өзгерді. Білім және ғылым министрлігі ұсынысымды қолдады, — дейді Асхат Аймағамбетов.
- D005 – Дене шынықтыру педагогтерін даярлау;
- D006 – Музыка педагогтерін даярлау;
- D017 – Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау;
- D018 – Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау.
Эссенің орнына зерттеу жоспарын жазады
Мәселені жедел шешіп бергені үшін министрлікке алғыс айтамын. Дегенмен, Scopus бойынша талаптарды өзгерту, тізімді басқа да шығармашылық бағыттарға кеңейту, тіл емтиханын тапсыру мерзімін оқу соңына ауыстыру (талапты мүлдем алып тастамай) және іріктеу процесінде академиялық адалдықты күшейту сияқты жүйелі ұсыныстарым әзірге жүзеге аспады. Докторантураға қабылдау талаптары мен бағдарламаларды жетілдіру бойынша шараларды әрі қарай қарастыру маңызды, — дейді Асхат Аймағамбетов.
Контекст
Естеріңізге салайық, енді докторантураға түсушілер қазақ тілін меңгергенін растауы керек.

