18 желтоқсанда Алматы – Бәңкоң бағытында ұшуға тиіс KC931 рейсі техникалық себептерге байланысты Үндістанның Дели әуежайына қонуға мәжбүр болды.
Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, бортта 138 жолаушы болған. Ұшақ Алматыдан сағат 01:00-де ұшып шығып, штаттық режимде 05:51-де Делиге қонған.
Қазіргі уақытта барлық жолаушыға тамақ берілген, уақытша визалар ресімделген. Әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр.
Сонымен қатар рейсті Бәңкоңға дейін жалғастыру үшін резервтік ұшақ дайындалып жатыр, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 17 желтоқсан күні таңғы сағат 07:38-де Алматыдан Астанаға бағытталған Air Astana компаниясының КС-851 рейсі кезінде Airbus A321N типті ұшақта түтін пайда болды.
