Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттері 2 күнге жабылады

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы барлық автомобиль өткізу пункттері екі күнге жабылады. Қазақстан 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күнін атап өтеді.

Осыған байланысты 16 және 17 желтоқсанда ЕАЭО кедендік шекарасының Қазақстан — Қытай учаскесіндегі автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, — деп ескертті Ресей федералды кеден қызметі.

Мереке кезінде жабылатын кеден бекеттері:

  • Бақты — Абай облысы;
  • Майқапшағай — Шығыс Қазақстан облысы;
  • Достық және Нұр Жол — Жетісу облысы;
  • Қалжат — Алматы облысы.

Ал Жетісу облысындағы Достық және Алтынкөл теміржол өткізу пункттері тәулік бойы штаттық режимде жұмыс істейді.

Мақалаға реакция