Президент кәсіпкерлерді «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарымен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының лауреаттарын марапаттады.

«Парыз» сыйлығы шағын және орта бизнес субъектілері арасында Солтүстік Қазақстан облысының «Ақ-Ниет-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алды.

Ал ірі бизнес өкілдері ішінен бұл сыйлыққа Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясы лайық болды.

«Алтын сапа» сыйлығы «Үздік индустриалдық жоба» аталымы бойынша «Karlskrona LC AB» (Шымкент қаласы), «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша «AG TECH» (Астана қаласы) компанияларына берілді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да